Ел болашағы жастар болғандықтан, олар үшін халықпен етене жақын араласу, ізеттіліктерін көрсете отырып қолдау білдіру – саналы ұрпақ үшін жарасымды іс болары сөзсіз. Осы сияқты талай игі бастамалардың басы-қасында жүріп, қоғамдық жұмыстарда да белсенділіктерін танытып жүретін қарасайлық жастардың да өзіндік орны бар. Тіпті, әрбірі пандемияға байланысты елімізде төтенше жағдай орын алған шақта да ерікті ретінде …
Қоғамдағы әртүрлі кезеңдер мен сәттерде кез келген көмек түрін көрсетіп, қолдау күткендерге жанашырлықпен қол ұшын соза білетін еріктілер биыл елімізде орын алған індет кезінде де үлкен жұмыстар атқарды. Олар денсаулық сақтау мен құқық қорғау органдарымен қатар елімізде орын алған қиын сәтте қауіпке қарамастан қамқорлыққа мұқтаж отбасылар мен жалғыз басты қарияларға көмек көрсетіп, қайырымдылық шараларына белсене …
Қоғам қайраткері, меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры көптеген істерге бастамашы болып жүр. Осы аптаның сәрсенбісінде, аталған қоғамдық қордың қолдауымен, Еріктілер жылына орай Шамалған ауылында 1000-нан аса саялы ағаш көшеттері егілді. Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын ғұрыптар жеткілікті. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген …
Дүниежүзін дүр сілкіндіріп, қоғамды алаңдатқан коронавирус індеті біздің елге де таралып, көпшілікке үрей туғызғаны белгілі. Соған байланысты халықтың қауіпсіздігі үшін мемлекетімізде төтенше жағдай енгізіліп, сақтық шаралары қолға алынды. Осындай ел басына күн туған шақта тұрғындардың амандығына алаңдап, медицина және полиция қызметкерлерімен қатар, еріктілер де белсенділік танытып, қол ұшын созды. Біз айтқан елеулі істе ерлік танытып …
Халықаралық қарттар күніне орай жуырда аудан жастары Қаскелең қаласындағы ардагер қарияның үйіне барып, хал-жағдайын біліп қайтты. Қазан айының бірінші күні – халқымызға құрметті болып саналатын қарттар күні. Осыған орай біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ, әлемнің түкпір-түкпірінде қарияларға арналған іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан оларға көмек көрсетілуде. Осы айтулы күнді біздің ауданымыздың жастары да елеп, …
Как известно, Президентом страны Касым-Жомартом Токаевым нынешний 2020-ый год был объявлен Годом волонтера. Вместе с тем с ноября 2013 года каждое последнее воскресенье сентября мы отмечаем День труда. В этой связи довольно актуален вопрос о волонтерах-тружениках из села Алмалыбак, которые стараются вдохнуть новую жизнь в парк, сделав его местом культурного отдыха односельчан. А поведал нам …
Ауданымыздың 30-дан астам волонтерлері Қаскелең қаласы, Шамалған, Жандосов ауылдық округтерінде, елімізде алғаш пайда болған «Egov жаршысы» атты еріктілер қозғалысы жобасының бағыт-бағдарын түсіндіру бойынша, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, жоғарыда аталған жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен, облыстық әкімдік пен жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық …
Карантидік шаралар аясында ауданымыздағы әр әкімдіктің жанынан санитарлық топ құрылды. 245 санитарлық көмекшілерден жасақталған топтың мүшелері ауданымыздағы бірқатар нысандарды тексеріп, пандемияның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жақында осы топқа әрқашанда көмек қолын созып, әр іске белсенді түрде араласатын ауданымыздың жастары да қосылды. Олар санитарлық көмекшілермен бірге адамдар көп жиналатын жерлерде, мәселен, банктер, Қазпошта, Халыққа …
Еліміз бойынша қайта күшіне енген карантин режиміне байланысты қарасайлық еріктілер аудан бойынша бірқатар отбасыға көмек қолдарын созып, барынша қолдау жасауда. Олар уақытша табыс көзінен айырылған отбасылардың жағдайын ескеріп, өздерінің жинаған қаражаты есебінен қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды қолға алуда. Игі бастамаға негіз болған аудандық Жастар ресурстық орталығы көмекке мұқтаж отбасылардың арнайы тізімін жасап, сол бойынша азық-түлік жиынтығын …
Аталмыш игі шара ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен елімізде «Жетісу – адалдық алаңы» және «Адал көмек» жобасы аясында өткізілді. Акция барысында еріктілер тігін фабрикасынан «РозаФарм» дәріханасына берілген маскалардың жартысын сол күні аудан орталығына, «Қазпошта» мемлекеттік торабының аудандық бөлімшесі және сауда нүктелеріне өз тірліктермен келген жеке азаматтарға тегін таратты. Ал, үлестірілмей қалған бетперделер осы …