Жан-жақты көрсетіліп отырған мемлекет қолдаулары бүгінде еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамып, оның қоғамдағы өз үлесін қосуына бірден-бір мүмкіндік тудырып отыр. Соның бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. Оның басты мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін дамытуға бағытталған. Ауданымызда аталған бағдарлама аясында қайтарымсыз грантқа …
Бүгіндегі жаһандану заманында кез келген мемлекеттің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі – сол елдегі әлеуметтік жағынан және де жұмыспен қамтылған халықтың үлесі. Осы ретте тұрғындардың жағдайын көтеру мақсатында елімізде бүгінде көптеген кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамту сияқты әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жасалып, іске асырылуда. Бірақ, өкінішке орай, бүгінде қазақстандықтардың көбі бұл бағдарламаларды …
Ауданымыздағы көзі тірі майдангердің ең жасы үлкені Иса Төлеңгітұлы Керімтаев атамыз. Райымбек округіне қарасты Қырғауылды ауылында тұратын қария осы жаңа жылдың алғашқы күнінде, атап айтқанда, 1 қаңтарда 100-дің биігіне шықты! Ол кісі бұдан тура бір ғасыр бұрын, яғни, 1921 жылы қазіргі Райымбек (бұрынғы ВОГПУ-дың қосалқы шаруашылығы) ауылында дүниге келген. Ержеткен соң мұғалімдік мамандық алған жас …
«Өрлеу БАҰО» АҚ-мен ынтымақтастық шеңберінде ауданымыздағы Сулейман Демирель атындағы университетте өткен үш модульді 80 сағаттық семинар-тренинг жалғасын тауып, «i-Teacher: «Киберпедагог» атты екінші бөлімі басталды. Болашақта өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Бүгінде ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған …
Өткен жылдың соңғы айында шахматтан ерлер мен жасөспірімдер арасында ауданымызда шахматтан XX чемпионат ұйымдастырылды. Жарыстың іріктеу кезеңі онлайн түрде өтсе, финалдық бәсеке санитарлық талапқа сай өткізілді. Бұл чемпионатқа «Үшқоңыр» спорт кешенінің шахматтан жаттықтырушы Мұхтар Ахметовтың және Қаскелендегі орталық кітапханада осы ойынның талай қыр-сырын үйретіп жүрген Амандұлла Әбдімұратовтың шәкірттері, сонымен қатар, ересектер де қатысты. Швейцар ойын …
Республика көлемінде Жетісудың атын шығарып жүрген спортшылардың қатарында біздің қарасайлық жас футболшылар да бар. Бір кездері ұлттық құраманың сапында доп тепкен Абзал Жұмабаев басшылық ететін «Парасат» футбол клубының жасыл алаңда жеткен жетістігі аз емес. Өткен жылдың 15-19 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында ұйымдастырылған 2009, 2010 және 2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына жоғарыда атап өткен …
Кеше аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Алматы облысының жастар саясаты басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Елдар Сапаров пен аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенованың қатысуымен жиын өтті. Аталған басқосуда өткен 2020 жылда ауданымыздағы белсенді жастардың атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері жайында жан-жақты айтылды. Сонымен қатар, ауданымыздағы жастармен жұмыс жасайтын әр саланың мамандары өздерінің жылдық қорытынды баяндаламарын оқып, қазіргі …
Сегодня в зале заседаний районного акимата состоялась первая сессия Карасайского районного маслихата седьмого созыва, на которой были озвучены итоги выборов в районный, областной маслихаты и в Мажилис Парламента РК, а также объявлен новый состав депутатского корпуса района. С итогами выборов познакомила присутствовавших председатель районной территориальной избирательной комиссии Галия Аманова. Отмечалось, что в целом по району …
На сегодняшней первой сессии Парламента РК седьмого созыва Глава нашего государства Касым-Жомарт Токаев сказал и о том, как должна выстроиться система здравоохранения, а также сделал особый акцент на укрепление здоровья нации. В этой связи было поручено уделить особое внимание профилактике заболеваний, развитию как массового спорта, охватывающего всех казахстанцев, так и детского, ведь молодежь и подростки …
Мемлекетіміздің келешегі кемелденуі үшін ел Президенті қашанда жүйелі жоспар құрып, соған сай мақсат-міндетімізді айқындап, мерейлі межеге жету жолында тапсырмалардың ретін нақтылап беретіні анық. Дәл сол сияқты бүгінгі өткен VIІ шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта бірқатар маңызды істерді атқарудың бағыт-бағдарын айтып, біраз басымдықтарға айрықша тоқталды. Президентіміздің «барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасаймыз» …